VPN негізінде корпоративті желілерді ұйымдастыру: құру, басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Авторлар

  • Успанова Асель Исимхановна
  • Абишева Айгуль Амантаевна

##semicolon##

виртуалды желі; Интернет; корпоративтік желі; желілік қауіпсіздік; VPN; байланыс; шифрлау.

Аңдатпа

VPN — жалпы қолданыста бар желі базасында құрылатын корпоративті желі және негізгі желіге ұқсас қызмет
түрлерін көрсетеді. VPN-нің негізгі ерекшеліктері: мөліметтерді жоғары деңгейде қорғау және қысқартылган нөмір
терудің көмегі арқылы оперативті қосылуды қамтамасыз ететін өзіндік нөмірлеу жобасы.
Виртуалды жеке желі (VPN) - бірінші кезекте Интернет секілді желілерді қоғамдық коммуникациялық
құрылымдарды алыс қашықтықта байланыстыратын жеке желі. Бұл желілер мәліметті шифрлеу сияқты тунельдік
протоколдар және қауіпсіздік шаралары арқылы жеке желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мәселен, VPN бас
кеңселердің бөлімшелерін желіге қосылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ VPN әртекті
бірақ бір типті, мысалы IPv6 желісін IPv4 желісі арқылы, байланыстыруы мүмкін.
Жалпы VPN-дердің екі түрі бар: қашықтан басқарылатын VPN және сайт-сайт VPN. Қашықтан басқарылатын
VPN жеке қолданушыларға қашықтан басқарылатын желіге қосылуға мүмкіндік береді, мысалы өзінің компаниясының
интражелісіне қосылу роумингі. Сайт-сайт VPN бірнеше қолданушының байланысуын қарастырады, мәселен,
филиалдардың компания желісіне қосылуы. Виртуалды желілер әрине шығындарды азайтады, себебі қауіпсіздікті
күшейте отырып, қолданыстағы құрылымдарды пайдалана отырып, жалға алынатын желілерге деген сұранысты
азайтады

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-26

Журналдың саны

Бөлім

ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫ