Советская внешняя политика в годы Гражданской войны и иностранной интервенции
Ключевые слова:
Азаматтық соғыс, интервенция, сыртқы саясат, большевиктер, меньшевиктер.Аннотация
Мақалада 1917 жылдан бастап, азамат соғысы және шетел интервенция жылдарындағы Кеңестік Ресейдің
сыртқы саясаты жан-жақты қарастырылады. 1917 жылдың қарашасында Антанта елдері Кеңес үкіметін
мойындамауға шешім қабылдады. Сонымен қатар, 1917 жылы 10 желтоқсанда Ұлыбритания және Франция
Кеңестік Ресейді ықпал ету аймағына бөлу туралы келісім жасасты. Іс жүзінде сол кезден бастап, кеңестік
республиканы әлсіретуге бағытталған экономикалық блокада басталды. АҚШ, Ұлыбритания және Франция
өкілдері дипломатиялық иммунитетті асыра пайдаланып, Социалистік революцияға қарсы күресте оларға
көмектесіп, контреволюционерлермен келісімге отырды. 1919 жылдың желтоқсанда Петроград түбінде ақ гвардия
әскерлері талқандалғаннан кейін Балтық елдерімен келіссөздер жасау үшін жағдай жасалды.