Журнал туралы
«ABU Хабаршысы» журналы 2009 жылдан бастап шығады. Журналдың негізін қалаушы және баспагері – Alikhan Bokeikhan University. Журналда басылымның нөмірі, ISSN, редакция алқасының құрамы, редакциялық саясат, жарияланым этикасы және веб-сайт көрсетілген мұқаба және титулдық беттер бекітілген.
Париждегі Халықаралық орталықта берілген нөмір ІSSN 2519-2388.
Мемлекеттік бастапқы тіркеу нөмірі № 6840-ж., 27.01.2006 ж.
Журнал мақалалары CrossRef мәліметтер базасында тіркелген және әр авторлық мақалаға міндетті түрде DOI–электронды құжаттарға сілтеме, анықтама және қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қажет нысанның сандық идентификаторы беріледі.
Журнал «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰҒТСО) Қазақстанның дәйексөз базасында (ҚазДБ) индекстелген.
"Alikhan Bokeikhan University" хабаршысының мақалалары elibrary.ru ғылыми электрондық кітапханаға енгізілді және ғылымиметрлік базаға РҒСИ-ға (Ресейлік ғылыми сілтемелеу индексіне) 2017 ж. 13 қарашасынан № 445-11/2017 шарт бойынша тіркелді.
Журнал жылына 4 реттік мерзіммен жарық көреді. Журналдың редакция алқасына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.
Журнал авторлық басылымдардың ақпараттық ашықтығы мен қол жетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар журналдың сайтында үш тілде толық мәтінді қол жетімділікте орналастырылған.
Журналдың мақсаты - халықаралық ғылыми қауымдастықты жаңа әдістер мен идеяларға баса назар аудара отырып, ең маңызды ғылыми және білім беру ақпараттарымен алмасу үшін тиімді жағдай жасау.
Журналдың міндеттері:
- мемлекет ішіндегі және шет елдердегі жетекші зерттеушілердің ғылыми, инновациялық және білім беру қызметін тиімді басқарудың озық тұжырымдамалары мен тәжірибелерін насихаттау;
- ғылыми ортада ашық ғылыми пікірталас құру, ғалымдар арасында тәжірибе алмасу;
• ғылыми зерттеулердің нәтижелерін және ғалымдардың ғылыми жаңалықтарын ғылыми ортаға қол жетімді ету; - ғылыми шекараны кеңейту үшін университеттің интернет-ресурстары мен порталдары арқылы ашық қол жетімділікті құру арқылы.
«ABU Хабаршысы» халықаралық журналында жариялау бағыттары:
- Заң ғылымдары
- Экономикалық ғылымдар
- Педагогикалық ғылымдар
- Филологиялық ғылымдар
- Философия ғылымдары
- Тарихи ғылымдар
- Техникалық ғылымдар
- Жаратылыстану ғылымдары