Алюминий өткiзгiш тоғының шектен тыс жуктемесiнiң белгiлер
##semicolon##
соттың өрт-техникалық сараптамасы, тоқтың шектен тыс жүктемесі, морфологиялық талдау, қорытпалар, микроіздер, алюминий, электр сымыАңдатпа
Ғимараттарда, көлік құралдарында болатын өрттер өте ауыр оқиғаларға жататындығы
көрсетілді, сондықтан олардың өртке қауіпсіздігін жетілдіру мәселесі өте маңызды. Алюминий сымдар
тұрғын нысандарының құрылысында және автокөлік өнеркәсібінде кең ауқымда қолданылып отырғандығына
деректер келтірілді. Құрамында алюминий сымы бар электр тізбегіндегі тоқтың шектен тыс жүктемесі
барысында мыс өткізгіштерге тән ірі және ұсақ ісінулер, қалыңдау, жұқару, бетінің балқуы сияқты іздердің
пайда болатындығы эксперимент жүзінде сипатталды. Асқын тоқтың алюминий өткізгіш бойымен жүруі
нәтижесінде туындайтын іздерге морфологиялық талдау жүргізілді.
Тоқтың шектен тыс жүктемесінің әсеріне ұшыраған алюминий көп сымды өткізгіштерінің үлгілері
JSM-6390LV растрлық электронды микроскоппен жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Тоқтың
шектен тыс жүктемесінің әсеріне ұшыраған алюминий көп сымды өткізгіштерінің қорытпалары беттерінің
кескіндері берілген. Растрлық микроскопия әдісімен алюминий өткізгіштерінің өртенуі (жоғары температура
әсері, қысқа тұйықталу, тоқтың шектен тыс жүктемесі) барысында зақымдану себебін сәйкестендіруге
мүмкіндік беретін сипатты диагностикалық белгілері анықталды.
Анықталған белгілер тұрақты болып табылатындығы және өрт орнынан алынған электр сымы
үлгілерін табиғи сақтау шарттарында өзгерістерге ұшырамайтындығы анықталды.