Оңтүстік азиялық студенттердегі жедел стресс әсер ету кезіндегі иммунологиялық және алмасу үдерістеріндегі өзгерістер
##semicolon##
Иммундық жүйе, энергия алмасу, жедел стресс, бейімделу, липидтердің асқын тотығуы, антиоксиданттық жүйе.Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты жедел стресстік әсер кезінде Семейде оқитын шетелдік Пәкістандық
студенттердің иммундық жүйесінің және зат алмасу процестерінің бейімделуін зерттеу болды.
Осы мақсатқа жету барысында Семейдегі жедел климаттық қоршаған орта жағдайында Оңтүстік
Азиядан келген 30 студенттің иммундық, липидтердің асқын тотығу күйі, антиоксиданттық жүйелері мен
энергия алмасуы зерттелінді.
Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, Пәкістандық студенттерде стресс әсерінен 1 ай барысында
ФГА митогенімен инкубациядан кейін МИФ өндіру қабілеті бойынша Т-лимфоциттер қызметінің
бәсеңдеуімен супрессорлы белсенді Т-жасушаларының санын жоғарыласа, хелперлі белсенді Т-жасушалардың
төмендеген. B-лимфоциттердің және IgG мөлшерінің көбеюімен, сондай-ақ нейтрофильді фагоцитарлық
белсенділіктің компенсаторлық өсуімен көрінетін иммунитеттің B-жүйесінің белсенділігі анықталған. Жедел
стресс перифериялық қан лимфоциттеріндегі биоэнергетика сарқылуын, бастапқы өнім (ДК) деңгейінің
жоғарылауымен липидтердің асқын тотығуының активациясын, сондай-ақ антиоксидантты қорғанысты
көрсететін, энергетикалық алмасу ферменттері белсенділігінің төмендеуін тудырған.