Аңшылық туризмді диверсификациялау ауылдық жерлердің экономикасын дамытудың тетігі ретінде

Авторлар

  • Зиядин Саябек Таттібекұлы
  • Тлемисов Ұлан Бағдатұлы
  • Тлемисова Жансая Мұратқызы

##semicolon##

диверсификациялау, аң аулау туризмі, ауылдық аумақтарды орнықты дамыту, инновациялық агротуристтік аңшылық кешендер

Аңдатпа

Ұлттық экономиканың тұрақты дамуы көбінесе ауылдық жерлерді дамытуға байланысты. Автор қазіргі
заманғы жағдайларда ауыл шаруашылық өндірісін дамытуды ғана емес, сонымен қатар орман, су шаруашылықтарын,
туризмді, әлеуметтік инфрақұрылымды, қосалқы өндіріс пен қолөнерді, сондай-ақ басқа да балама іс-шараларды
қамтитын ауылдық жерлерді дамытуды жетілдіру қажеттігін атап көрсетеді.
Мақалада аң аулау туризмінің дамуына баса назар аударылып, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, озық
инновациялық технологияларды қолдану және қазіргі қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың талаптарына
сәйкес туристік өнімді бейімдеу қажеттілігі негізделеді. Осыған байланысты, аң аулау туризмін, соның ішінде жаңа
эксклюзивті ұсыныстар мен туристік өнімдерді дамытуды әртараптандыру ұсынылады. Аңшылық туризмін
жаңғыртудың инновациялық сипаты. Инновациялық агротуризмді аң аулау кешендерін ұйымдастыру арқылы аңшылық
туризмін дамыту мүмкіндіктері көрсетілді, бұл пайдаланылмаған аумақты шаруашылық айналымға кеңінен тартуға
және бірнеше салалардың (ауыл шаруашылығы, орманшылық, балық аулау және аңшылық) бір уақытта үйлесімді
қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, бұл ұсыныс ауылдық жерлерді тұрақты дамыту өлшемдеріне толығымен сәйкес келеді,
олардың табысты әлеуметтік-экономикалық және экологиялық негізделген дамуын қамтамасыз етеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-26

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ