Жаһандану қарсаңында орта мектепте физиканы оқытуда софизм ұғымын енгізу мәселелері
##semicolon##
Жаһандану физикасы, софизм ұғымы, орта мектеп физикасы, физиканы оқыту ұғымы, физиканы оқыту мәселелері, физика, софизм мәселелерАңдатпа
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым–қатынасты түбегейлі өзгертетін
байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интелектісіне, әл–ауқаттылығына, оның икемділігіне,
жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы бола бастады.
Қазақстан қоғамдағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда
өмір сүруге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру болып табылады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің
кезкелген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру мен қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.