Көркем мәтіндегі авторлық ұстанымды көрсету тәсілдері
##semicolon##
«мәтіндегі автор», авторлық ұстаным, архитектоника, баяндау құрылымы, антропонимдік кеңістік, атау, кілтті сөздер, жалқы есімдерАңдатпа
Әдебиеттану ғылымында «мәтіндегі автор» мәселесі зерттеу нысанына іліккеннен бері көркем мәтіндегі авторлық
ұстанымның көріну ерекшеліктеріне деген қызығушылық та арта түсті. Көркем мәтінді түсіну барысында (тіпті
филологиялық талдау мәтін ауқымынан шықпаған жағдайдың өзінде) шығармада көрініс табатын авторлық ұстанымды
ескермеу мүмкін емес.
Авторлық ұстаным мәтіннің архитектоникасында да, баяндау құрылымында да, кеңістік-уақыттың берілу
өзгешелігінен де байқалады, өз кезегінде авторлық ұстаным оның дүниетаным ерекшіліктерін көрсетеді. Аталмыш
мақалада авторлық ұстанымды білдірудегі атаулар, кілтті сөздер, жалқы есімдердің қызметі талданған. Көркем мәтінге
филологиялық талдау жасағанда мәтіннің антропонимдік кеңістігіне де баса назар аудару қажет. Мәтінді түсіну үшін
кейіпкер есімінің этимологиясын, басқа есімдермен байланысын ескеру керектігі де сөз болған.