Абай даналығындағы антропологиялық мәселелер
##semicolon##
даналық, дүниетаным, «Адам – Әлем» қатынасы, заман, адамгершілік, антропология, этика, еңбек, қоғам, мәдениет.Аңдатпа
Мақалада Абайдың қара сөздеріндегі және өлеңдеріндегі адам болмысы туралы ой-толғамдары арқылы ойшылдың
дүниетанымына философиялық талдау жасалады. Авторлар елімізде іске асып жатқан қоғамдық сананы рухани
жаңғыртудың басты ұстанымы – қазақ ойшылдарының дүниетанымына жаңаша баға беруге, ойшылдар арқылы ұлттық
код ізденістеріне талпыныс жасайды. Сол мақсатта бұл зерттеуде Абай даналығындағы «Адам – Әлем» ара қатынасы
кеңінен әрі жан-жақты талқыланады. Абай үшін негізгі мәселе – адам мәселесі, ол және де кең ұғымда алынған: адамның
көңіл-күйі, мінез-құлқы, түсінігі, пейілі, ойы, көзқарасы. Сонымен қатар, мақалада Абай дүниетанымындағы айрықша
орны бар «еңбек» ұғымының адам өміріндегі маңызы мен «Адам бол!» қағидасы жан-жақты талқыланған. Абайдың
этикалық тұжырымдамаларындағы «еңбек» ұғымының мәні адамның рухани жетілуінің негізі ретінде қарастырылады.