Лиро-эпостық жырлардағы жылқы өнімдері мен оларды сақтайтын ыдыс атауларының қолданысы

Авторлар

  • Тилеужан Динара Мұсабайқызы
  • Амангелді Айнұр Амангелдіқызы

##semicolon##

этнос, тіл, мәдениет, рухани мәдениет лексикасы, заттық мәдениет лексикасы, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, ұлттық рух, тілдің кумулятивтік қасиеті, тілдік деректер, символ, тілдік таңба.

Аңдатпа

Халықтың мәдениеті мен тілі қатар дамиды. Рухани мәдениет те, заттық мәдениет те халықтың тілінде, тілдің
кумулятивтік қасиеті арқылы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырылады. Ал «материалдық мәдениет – жер
бетінде тіршілік еткен адамдардың өзі өмір сүруі үшін жасаған түрлі еңбек құралдарымен қоса, мекен-жайы, киген киімі,
жүрген көлігі, тұрмыста қолданған дүние атауларының өзінен кейінгі ұрпағына қалдырған заттық байлығы».
Заттық мәдениет лексикасы – ұлттық рух пен талғам негізінде, ұлттық тұрмыс пен шаруашылық ерекшелігіне сай
технологиялық процесс нәтижесінде, өз мәні мен атқаратын қызметіне сай сөз тудырушы модельдер арқылы жасалатын
лексика-семантикалық категория ретінде, кумулятивтік қызметі негізінде сақталған материалдық өндіріс пен мәдени
туындылардың атаулары.
Шынайы өмірдің негізгі көрінісі болып табылатын материалдық мәдениет атаулары тұрмыстағы зат, дүние
атауларымен тығыз байланыста қаралады. Өйткені әр зат дүниеге адамның ойлаған ойы мен еңбегінің нәтижесінде ғана
келеді. Кейіннен өмірлік қызметіне жарайды. Сонымен қоса, әр ұлт материалдық игілікке өзінше атау береді. Ал ол халық
тілінде көрініс табады. Ғаламның тілдік бейнесі әр этностың дүниетанымында айрықша көрініс тапқан.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-26

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ