Шығыс Қазақстан облысындағы дәрілік өсімдіктер функционалды ингредиенттер ретінде.
##semicolon##
дәрілік өсімдіктер, дәрілік препораттар, биологиялық белсенді заттар, сүт өнімдері, функционалдық ингредиенттерАңдатпа
Дәрілік өсімдіктер сүт өнімдерін өндіруде жиі қолданылатын - функционалды бағдар. Жаңа сүт өнімдеріне арналған
технологияларды дамытудың перспективалы бағыттарының бірі дәрілік өсімдіктерден алынған әртүрлі гален
препараттарды қолдану болып табылады.
Мақалада Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысында өсетін дәрілік өсімдіктердің биологиялық
белсенді заттарының мазмұны зерттелген. Зерттеу объектісі ретінде екі өсімдік таңдалды: тимьян мен жалбыз.
Жүргізілген зерттеулердің негізінде жалбыз шөп тимьян шөптерімен салыстырғанда сапондардың және
флавоноидтардың жоғары құрамымен сипатталады. Илік заттар зерттелген өсімдіктерде шамамен бірдей мөлшерде
кездеседі. Сонымен бірге тимьян мен жалбыз эфир майларының компоненті мен сапалық құрамы зерттелді. Зерттеу
нәтижесінде тимьянда эфир майларының 41 компоненті анықталды. Эфир майларының құрамында лимонен және
бактерицидтік, антельминтикалық, анальгетиктік қасиеттері бар тимолдың ең көп мөлшері табылған. Жалбыздан
эфир майларының 48 компонентін тапты. Жалбыз эфир майларының құрамында лимонен және альфа-терпинеол,сондайақ хош иістендіргіш қасиеті бар пиперион оксидінің ең көп мөлшері анықталған.