Кейбір әкімшілік-рәсімдік нормаларды талдау призмасы арқылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасы
##semicolon##
Әкімшілік-құқықтық қатынастар; әкімшілік-процестік қатынастар; әкімшілік-рәсімдік қатынастар; әкімшілік процесc; әкімшілік әділет.##common.commaListSeparator## administrative and legal relations; administrative and processual relations; administrative and procedural relations, administrative process, administrative justice.Аңдатпа
Мақалада әкімшілік-рәсімдік қатынастар институтының маңыздылығын негіздеу беріледі.. Зерттеу мақсаты
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы мәнмәтінінде қоса алғанда, осы құқықтық құбылысты кешенді талдау
болып табылады. Бұл үшін тарихи, герменевтикалық және салыстыру тәсілдері, формальды құқықтық және
құрылымдық талдау тәсілдері, мәселелі-теориялық зерттеу тәсілі қолданылды.
Қазақстандық қоғамның құқықтық аясын дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты болып табылатын Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы) әкімшілік құқықты реформалауға үлкен назар
аударылады. Тұжырымдамада «Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік
аппарат құруға, жаңа басқару технологияларын енгізуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік
реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты» - делінген.
Оған қоса, Құқықтық саясат тұжырымдамасы қойған міндеттердің бірі мемлекет пен азаматтар (ұйымдар)
арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешетін әкімшілік әділетті ендіру болып
табылады.
Автормен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасына тиісті түзетулердің енгізілеуі қажеттігі белгіленді