Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын жетілдірудің кейбір аспектілері

Авторлар

  • Шешенбаева Сәуле Серікқанқызы
  • Төлепбаева Анджела Серікқызы

##semicolon##

Әкімшілік процесc; әкімшілік әділет, әкімшілік рәсімдер қағидаттары, әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттары

Аңдатпа

Мақалада жекелеген құқықтық институттардың маңыздылығына негіздеме беріледі.
Зерттеу мақсаты Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасы мәнмәтінінде қоса алғанда, осы құқықтық құбылысты
кешенді талдау болып табылады. Бұл үшін тарихи, герменевтикалық және салыстыру тәсілдері, формальды құқықтық
және құрылымдық талдау тәсілдері, мәселелі-теориялық зерттеу тәсілі қолданылды.
Қазақстандық қоғамның құқықтық аясын дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты болып табылатын Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында (Қазақстан
Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығы) әкімшілік құқықты реформалауға үлкен назар
аударылады. Тұжырымдамада «Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік
аппарат құруға, жаңа басқару технологияларын енгізуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік
реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты» - делінген.
Оған қоса, Құқықтық саясат тұжырымдамасы қойған міндеттердің бірі мемлекет пен азаматтар (ұйымдар)
арасындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешетін әкімшілік әділетті ендіру болып
табылады.
Автормен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс жобасына тиісті түзетулердің енгізілеуі қажеттігі белгіленді

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ