Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексі жобасының ішкі әкімшілік рәсімдері туралы
##semicolon##
әкімшілік әділет; ішкі әкімшілік рәсімдер; сыртқы әкімшілік рәсімдер; әкімшілік акт; жария-құқықтық дау; жария билік органдары; азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауАңдатпа
Мемлекеттік басқаруды іске асырудың заңды нысаны болып табылатын әкімшілік-рәсімдік процесссіз жария билік
органдарының заңды, әділ және тиімді қызметі мүмкін еместігіне байланысты қазіргі уақытта әкімшілік әділет енгізу
мәселелері өте өзекті болып табылады. Дамыған шетелдерде әкімшілік әділет қолдану тәжірибесі әкімшілік рәсімдер
негіздерін бекітудің оңтайлы заңды құрылымдарын іздеуге мәжбүр етеді, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік
рәсімдік-процестік кодексі жобасында ұсынылған. Бұл мақалада автор ішкі әкімшілік рәсімдерге, олардың сыртқы
әкімшілік рәсімдер үшін маңызына және осы кодексте бекітудің орындылығына назар аударады. Сонымен қатар, автор
жобада заң терминологиясын ретке келтіру мәселесін көтереді және «Әкімшілік акт» терминінің орнына «жеке-дара
қолданылатын құқықтық акт» терминін қолдануды ұсынады.