Қылмыстық процестегі жеке детективтің мәртебесін құқықтық реттеу

Авторлар

  • Сабитов Серик Мухаметказинович

##semicolon##

жеке детективтік жұмыс, жеке детектив, жеке детективтің іс жүргізу мәртебесі, жеке детективтің нәтижелерін қылмыстық істерде дәлел ретінде пайдалану

Аңдатпа

Қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында дәлелдеу субъектілері туралы жалпы түсінік жоқ - бұл
қылмыстық процестің әрбір қатысушысы өзіне жүктелген қылмыстық іс жүргізу функциялары негізінде
танымдық әрекеттерді жүзеге асыратындығына байланысты. Осылайша, қылмыстық істе объективті
шындықты анықтау процесіне тек қылмыстық қудалау органдары ғана емес, сонымен бірге олардың құқықтары
мен мүдделерін қорғайтын адамдар да қатысады. Бұл мақалада автор жеке детективтік қызметтің Қазақстан
Республикасының қылмыстық процесіне қатысуы туралы теориялық болжамды талдады. Мақалада қылмыстық
процестің нақты қатысушысының мүддесі үшін жеке детективтің ақпараттарды, заттарды және басқа да
деректерді жинау жөніндегі қызметтерді ұсынудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері көрсетілген.
Мақалада автор қылмыстық процестегі жеке детективтің іс жүргізу мәртебесін анықтауға ғана емес, сонымен
бірге қылмыстық іс бойынша ұсынған мәліметтер мен дәлел ретінде басқа да деректерді пайдалануға баса назар
аударады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ