Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында стратегияны нығайту

Авторлар

  • Рахимова Бакыт Капжаппаровна
  • Шойбакова Еркежан Оразбай қызы
  • Мұқанова Лаура Құдайберғенқызы
  • Құрманбаева Сауле Танірберген қызы

##semicolon##

Мемлекеттік-жеке меншік, Ұлттық саясат, Үкімет,жобалар, стратегия

Аңдатпа

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында стратегияны дамыту мен жетілдіру мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік саласында әлеуетті күшейту болып табылады.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы стратегия бірнеше компоненттен тұрады:
1. Ұлттық саясат жасау;
2. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аймақтық орталықтарын немесе арнайы «компетенциялық»
ұйымдар құру мен дамытуға қолдау жасау;
3. Жетекші тәжірибемен алмасу;
4. Кадрлар даярлау, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында машықтарды дамыту мен оқыту.
Үкіметтер саясат жасауда өздерінің алдына нақты мақсаттар мен міндеттер қою керек.
Олар мақсатты жүзеге асыру кезіндегі негізгі құндылықтар мен принциптерді ескеріп саясат жасау керек.
Ресми тұлғалар жобаның әр кезеңінде де келесі сұрақтарға жауап беруге дайын болу керек:
a) үкімет қандай негізгі құндылықтарды қорғау керек?
b) билік органдарын өкілдері ол құндылықтарды қалай сақтап қала алады?
c) әділдік пен тұрақтылық принциптеріне сәйкес МЖӘ қалай қоғам мүдделеріне қызмет ете алады?
Жоғарыдағы сұрақтарға айтылған жауаптар қызметке қол жетімділік, адалдық пен теңдік, қаржылық есеп
беру, сапа мәселелерін қарастырады.
Егер мақсаттар мен міндеттер бекітілсе, үкімет олардың орындалуын қадағалау керек. Мысалы, үкімет
келесіні ескеру керек:
• МЖӘ формалары
• Тәуекел деңгейі
• тәуекелді қалай басқару
• қабылдай алмайтын тәуекел
• әдістердің тиімділігін анықтау критерийлері
Саясаттың жобалар мен жоспарларға әсер етендігін ескерсек, саясат жасауда барлық тараптардың да
қатысуын қамтамасыз ету керек

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ