Шағын кәсіпорындарда инновациялық белсенділікті арттыру жолдары
##semicolon##
бизнес, қаржы, табыс,әлеумет, өндіріс, бәсекелестік, ғылымАңдатпа
Қазіргі уақытта кәсіпорындардың тиімділігін анықтайтын маңызды факторлар өндіріс технологияларын
түбегейлі жаңартуға және өнімнің жаңа түрлерін шығаруға ықпал ететін инновация деңгейі болып табылады.
Сонымен бірге отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың тиімділік өлшемдері негізінен сандық өндіріс пен қаржылық
нәтижелерге бағытталған. Кәсіпорынның инновациялық даму әлеуеті инновациялық тартымдылық деңгейімен
анықталады. Ғылымға, білімге, ақпараттық жүйелер мен инфрақұрылымды дамытуға ұзақ мерзімді инвестициялар
және олардың экономикалық айналымға уақытылы қатысуы ел экономикасын тұрақтандырудың басым
бағыттары болып табылады және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың әртүрлі тетіктерін пайдалану арқылы
өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін талап етеді.
Бүкіл әлемде инновациялық даму кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау және арттыру
қажеттілігімен анықталады. Инновацияларды қолдану кәсіпорындарға нарықта тиімді бәсекелесуге, жаңа
клиенттер тартуға және олардың қаржылық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілік деңгейі көбінесе кәсіпорынның технологиялық деңгейіне байланысты.