Станциялық шаруашылықтың құрылыстары мен құрылғылары
##semicolon##
өтпе, сигнал, радиобайланыс, вагон, құрам, поезд, станцияАңдатпа
Бұл мақалада станциялардың жолдық дамуы, поездар қозғалысының белгіленген көлемі, поездарды қабылдау
және жөнелту, жүктерді, багажды және жүкбагажын тиеу және түсіру, құрамдарды және вагондарды
өңдеу бойынша операцияларына жұмсалатын уақыт нормаларының орындалуы мен техникалық құралдардың
тиімді пайдаланылуы анықталды. Кезекші қызметкерлердің қызмет көрсетуіндегі теміржол өтпелерінің
поездық локомотивтердің және арнайы өздігінен жүретін құрамның машинистерімен радиобайланысы, ең
жақын орналасқан станциямен немесе постымен, ал диспетчерлік орталықтандырумен жарақтандырылған
телімдерде - поезд диспетчерімен тікелей телефон байланысы болуы тиіс. Өтпелік сигнал берудің, автоматтық
тоспалардың, телефон байланысының және радио байланысының жарамды күтіп ұсталуын және жұмысын
сигнал беру және байланыс дистанциялары қамтамасыз етеді.