М. Ж. Көпейұлы шығармаларындағы «тағдыр» концептісінің қолданылуы

Авторлар

  • Баймуханбетова Мейрамгуль Баймуханбетовна

##semicolon##

Когнитивтік лингвистика, тағдыр, концепт, өмір, өлім, эпитет, теңеу, көріктеу, жазмыш

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіл білімінде М.Көпеев шығармаларындағы «тағдыр» концептісінің көрініс табуы
сипатталады. Ұлттың өмір мен тағдыр туралы танымы әрбір ұлттық тілдің ішкі құндылықтарын құрайтын
негізгі концептілердің бірі ретінде қарастырылады. Автор өлеңдеріндегі тағдыр концептісі өмір, өлім
концептілерімен байланыста алынған. Ұлттық дүниетанымның тілдік көрінісі ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық
өнер, діни дүниетаным, ұлттық таным әлемі қарастырылады, концептілік жүйесі, қолданысы айқындалады.
Концептілік жүйенің эпитет, теңеу, көріктеу құралдары және еркін сөз тіркестері мен тұрақты тіркестер
арқылы көрінісі сипатталады. «Тағдыр» концептісі-өмірлік мәні бар адамзатқа ортақ концептілердің бірі екендігін
дәлелдей отырып, зерттеушілер ғаламның тілдік моделін тануда ең алдымен ұлттың өмір мен тағдыр туралы
танымына тоқталады. Тағдыр-халықтың концептуалды дүниетаным әлемін қалыптастыратын сананың маңызды
категорияларының бірі екендігі айқындалған

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ