Қазіргі замандағы музыка мұғалімінің көркем мәдениетінің қалыптасуы

Авторлар

  • Султанова Нургуль Камильевна
  • Оспанова Бибигуль Канатовна

##semicolon##

Ұстаз, Педогогтік шеберлік, Қазіргі заман мұғалімі, Қазіргі мұғалімнің көркемдік мәдениеттілігі мен педагогикалық компетенттігі, Қазіргі музыка мұғалімнің әдістемелік жұмысының сапасы

Аңдатпа

Мақалада қазіргі замандағы музыка мұғалімінің көркем мәдениетінің қалыптасуы мен білім беру
сапасын көтеру мәселесі қозғалған. Қазіргі замандағы музыка мұғалімінің көркем мәдениетінің
қалыптасу проблемасы болашақ педагогтерді даярлаудың аспектісі ретінде алынды. Дәл осы
процесс мұғалім тарапынан ерекше назар аударуды және біліктілікті қажет етеді.
Сондықтан қазіргі замандағы музыка мұғалімінің көркем мәдениетінің қалыптасуын қарастыру
керек. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік –
дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын
қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап
іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мектептің оқу-тәрбие деңгейін көтеруде қазіргі заман
мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық
түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл
тұлға екендігі, ақпаратты кешендерді пайдалану тиімділігі сөз етіледі. Қазіргі мұғалімнің
көркемдік мәдениеттілігі мен педагогикалық компетенттігі оның кәсіби білімінің деңгейімен жеке
басының қабілеті және тәжірибесімен, өзбетімен білім алуға ұмтылысымен, кәсіби-педагогикалық
қызметке шығармашылық тұрғыдан қарастырылады. Музыка мұғалімнің көркемдік мәдениетін
қалыптастыру құрылым жолдары мен мазмұнын пайдаланудың нәтижелері талданады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ