Бастауыш мектептегі ағылшын тілі сабақтарында аутентті мәтіндерді (халық ертегілерін) қолдану
##semicolon##
аутентті мәтін; коммуникативті құзіреттілік;аккультурация;моральдық түрткілер; қарым-қатынас түрткілері; танымдық түрткілерАңдатпа
Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында бастауыш мектептің
жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың
белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре
отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екені сөзсіз.
Шет тілін оқыту барысында оқушыларды өздеріне жат әлемді түсіне білуге үйрету керек. Басқа тілді қоғамда,
мәдениетте өз орнын таба білу үшін сол елдің тілін ғана меңгеру аз, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін де
меңгеру керек. Осындай мәселені шешуде аутентті мәтіндерді қолданудың маңызы зор. Аутентті мәтіндер тілін оқып
жатқан ел туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Олар оқушыларды білім, білік, дағдыға үйретуге ықпал етеді.
Аутентті мәтіндер оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын оятады, оларды алдарына мақсат қоюға үйретеді
және оқу процесінің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мәдени ерекшеліктер енген және бейнеленген мәтіндер шет
тілін оқуға деген қызығушылықты арттырады. Әрбір тілді үйренушілер тек сол тілдің жүйесінде кездесетін
ерекшеліктерге ғана емес, сондай-ақ сол тілді қолданушы елдің мәдениетіне тән үлкен ерекшеліктерге де жолығады.
Жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа мәдениет өкілдерінің әрекеті мен сөзін түсіне білу үшін өз
мәдениеті мен басқа мәдениетті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуге үйренеді