ХХ ғ. 1940-1950 жылдарындағы Шығыс Қазақстан өңіріндегі этностардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
##semicolon##
этнос, демография, ұлт, қаулы, қоныс, құжат, Үкімет.Аңдатпа
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан өңіріне келген өзге ұлт өкілдерінің тарихы туралы баяндалды. 1940-1950 жылдары
қазақ жеріне жер аударылып келген ұлттардың қиын тағдыры мақаланың негізгі мазмұны болды. Осы жылдар
аралығындағы тарих кеше ғана өткен тарих сияқты болып көрінгенімен, объективті көзқараспен зерттелуі жағынан
біршама күрделі кезең екені белгілі. Себебі, кеңестік тарихнама социализмнің жетістіктерін ғана асыра сілтеп айтып,
қоғамдағы орын алған келеңсіздіктерге көп тоқтала бермеді. 1940-1950 жылдар ғылыми түрде қатаң бағалауды, оң
және теріс жақтарын қатар қарастыруды қажет ететін қазіргі замандағы Қазақстан тарихындағы күрделі және
қайшылыққа толы кезең болып табылады. Тақырыптың аз зерттелгендігі, күрделілігі және маңыздылығы әсіресе
Шығыс Қазақстан өңірі үшін қажетті жағдай болмақ