Көмірден алынған гуминдік заттарымен шайынды суларды ауыр металдардан тазалау

Авторлар

  • Сабитова Альфира Нуржановна
  • Зейтенгазина Жанар Рахымбергеновна

##semicolon##

ағынды су, ластану, ауыр металдар, көмір, гумин қышқылы, белсендірілген көмір, сорбция.

Аңдатпа

Көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметі көбінесе қоршаған ортаның құрамында зиянды заттар
бар ағынды сулармен ластануына әкеледі. Олар аз мөлшерде адам денсаулығына және тұтастай биосфераның
жағдайына айтарлықтай теріс әсер етеді.
Тірі организм үшін ауыр металдардың зияны олардың трофикалық тізбек бойымен қозғалу кезінде
биоаккумуляция және концентрациялану қабілетіне байланысты, бұл орган жүйелерінің жұмысының
бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларын тазарту ауыр металдар
толығымен жойылғанға дейін жүргізілуі керек. Бірақ бұған тек дәстүрлі әдістерді қолдану қиын. Ағынды
суларды ауыр металдардан тазартудың кең таралған әдістерінің бірі-сорбция және ион алмасу әдістері.
Бұл мақала ағынды суларды көмірден алынған гуминді заттардың көмегімен ауыр металдардан тазартуға
арналған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, гумин қышқылы ағынды сулардағы ауыр металдарды жақсы
сіңіреді. Бұл зерттеулер өзекті болып табылады және ағынды суларды тазарту процесіне жаңалық енгізеді.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ