Қазақстан аумағында әскери баспаның пайда болу және даму тарихы
##semicolon##
әскери баспа, пайда болу және даму тарихы, газет, журнал.Аңдатпа
Мақалада Қазақстан аумағында әскери баспаның пайда болу және дамуының тарихи тәжірибесі, қазақстандық әскери баспаның құрылу процесі, басылып шыққан басылымдардың тарихи кезеңдері мәнмәтінінде оларды насихаттау қызметінің ерекшелігі белгілі бір кезеңде жарық көрген газеттер мен журналдарды, тираждарды, олардың қызметі және міндеттерін сипаттау арқылы талданады.
Авторлар баспасөз мазмұнының негізгі бағыттарын ашып көрсетеді: әскерді нығайту, әскери тәртіпті арттыру және әскерлерді жаттықтыру үшін күрес, майдан мен тыл бірлігі үшін, әскер қатарына жергілікті ұлт өкілдерін тарту үшін үгіттеу, әскерде және халық арасында мәдени - ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру.
Одан басқа, жүргізілген талдау нәтижесінде, авторлар ұжымы Қазақстан әскери баспасының негізгі міндеттерін айқындайды және жалпылап қорытындылайды.