Жанаса байланысқан етістікті сөз тіркестері
##semicolon##
сөз тіркесі, синтаксис, сөздердің байланысу формалары, қиысу, меңгеру, қабысу, матасу, жанасуАңдатпа
Мақалада қазақ тіліндегі сөздердің байланысу формаларының бірі – жанасу туралы
айтылады. Жанасу теориясы қазақ тілші ғалымдарының зерттеуінде талай рет қарастырылса
да, бұл мәселеге байланысты ғылыми тұжырымдар әлі де аздық етеді. Әр ғалымның
зерттеуіндегі әр қилы көзқарастар мен тұжырымдар жанасудың табиғи ерекшелігін толық
негіздеуге жол аша алмады. Сондықтан да, сөздердің байланысу формаларының бірі –
жанасу туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу бүгінгі күндегі өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Қазақ тілі зерттеулерінде етістіктің сөз тіркестерін жасауда жиі жұмсалатындығы
айтылуда. С.Торайғыров, И.Байзақов шығармаларында екі сыңары да етістіктен болған сөз
тіркестері зерттеу нысанына ілікпеуі тақырыбымыздың өзектілігін байқатады. Етістік
құрылымды сөз тіркестерінің жасалу жолдары мен мағыналық қатынастары теориялық
тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Аталмыш ақындар туындыларындағы етістік сөздердің сөз
тіркесін құраудағы жұмсалу мүмкіндіктерін айқындау оның синтаксистік өрісін кеңейте
түсетіні сөзсіз.