Маңғыстау өңіріндегі кен орнының атмосферасының SO2 , СО, NO2 –мен ластануы
##semicolon##
экологиялық жағдайы, ауа құрамындағы ластаушылар, SO2, СО, Н2S, NO2.Аңдатпа
Маңғыстау өңіріндегі мұнай газ кен орнында SO2, NO, NO2, H2S және СО жылдық орташа
концентрациялары бойынша жүргізілген атмосфераның ластану индексінің көрсеткіші бойынша бақылау
зоналарында атмосфераның әлсіз ластанғандығы анықталды. Бірақ МГӨК ластаушы көздерінің
техногендік жүктемелерін ескере отырып аталған өнеркәсіп кешеніне жақын орналасқан территорияның
күйіне экологиялық жағдайына жүргізілген зерттеу нәтижелері МГӨК өнеркәсіптік алаңының орталығы
АЛИ5 интегралды (суммарлы) деңгейі бойынша ауаның ластануы жоғары дәрежеде екендігі анықталған.
Негізгі ластаушы көздері орналасқан МГӨК орталығынан басқа территорияларының ауасы жоғары
деңгейде ластанған. Ауаға бөлінетін газдарды тазартудың технологиялық процестерін жетілдіру, сондайақ алауларда жағылатын ілеспе газдардың кәдеге жарату көлемін арттыру арқылы МГӨК көздерінен
бөлінетін ластаушы заттардың көлемін азайту керектігін мониторингтік зерттеу нәтижелері көрсетті.
Сондай-ақ жүргізілген атмосфераның ластануына жүргізілген зерттеулер ауаның ластануының
маусымдық өзгеруін анықталған. Нақтырақ айтатын болсақ салыстырмалы түрде қыс айларында зиянды
заттардың жоғары концентрацияда, қалған кезеңдерде біртіндеп төмендейтіндігі анықталған.