Арнайы тамақтануғаарналған ақуызды өнімнің технологиясын әзірлеу

Авторлар

  • А.Т. Қабденова
  • А.Д.Жолжаксина
  • М.Ғ.Смагулова
  • Г.Ш. Бейсембаева

##semicolon##

Ашытқылар, функционалды өнімдер, диеталық өнімдер, паста, ББҚ, МЕСТ;

Аңдатпа

Мақалада өзекті мәселе болып, пайдалы қасиеттерге ие, сонымен қоса ағзада ақуыз
жетіспеушілігімен зардап шегетін адамдарға қажетті жаңа ақуыз өнімі табылады. Мұндай
өнімдердің ассортименті кең, сондықтан жоғары деңгейде технологиясын әзірлеу. Тағамдық
өнеркәсіпте жетілдіру, ассортиментін кеңейту және сапасын жақсарту міндетті болып
табылады.Осыған байланысты, cүт сарысуының ақуызы қосылған ақуызды өнімдерді өндіру
технологиясы ересек және балалар тағамдануында өзекті болып табылады.
Мақаланың мақсаты және міндеті – функционалды тамақтануға арналған өсімдік
қоспалары қосылған ақуыз өнімдерінің технологиясын зерттеу және өндіру. Осы мақсатты
жүзеге асыру үшін келесі тапсырмалар орындалды:
– Ашытқы микрофлорасын таңдау және зерттеу;
– Сарысуын бөліп алу әдістемесін таңдау және зерттеу;
– cүт сарысу ақуызының физико - химиялық қасиеттерін анықтау;
– Сүтті – ақуызды негіздің құрылымдық – механикалық өзгерісін сипаттау және
микроқұрылымын зерттеу;
– Тұтынушылық қасиеттерін анықтау және сақтау кезінде cүт сарысуының
ақуызы қосылған ақуыз өнімдерінің сапалы көрсеткіштерін зерттеу, сонымен қоса сақтау
мерзімін анықтау;
– Өндірілген cүт сарысуының ақуыз қоспасы қосылған ақуыз өнімінің тағамдық
және биологиялық құндылығың зерттеу;
– Негізгі технологиялық параметрлерді анықтау және cүт сарысуының ақуызы
қосылған ақуыз өнімінің технологиясын әзірлеу, нормативті құжатнама әзірлеу.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-03-24

Журналдың саны

Бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ