Азаматтық құқықтар объектілері контекстінде цифрлық активтерді құқықтық анықтау мәселелері

Авторлар

  • Қайшатаева Ә.Қ., Бокаев Ж.Т.

##semicolon##

цифрлық актив, криптовалюта, блокчейн, меншік құқығы, ақпараттық технологиялар

Аңдатпа

Цифрландыру қазіргі өмірдің барлық процестерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Цифрлық құқықтар, цифрлық активтер, криптовалюталар қазіргі заманғы экономиканың дамуы мүмкін емес құралдар болып табылады. Сонымен қатар, цифрлық құралдарды дамыту оң әсерлермен қатар жағымсыз салдарға да әкелуі мүмкін. Бұл объектілерді тиімді құқықтық реттеу, олардың құқықтық табиғатын негізді анықтау және осыған негізделген қолданыстағы құқықтық тетіктерді барабар қолдану кез келген мемлекет үшін маңызды міндет болып табылады.

Бұл мақалада цифрлық активтердің ерекшеліктерін түсіне отырып, цифрлық активтерді азаматтық құқықтар объектілері ретінде анықтаудың заңды мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамыз.

Зерттеу блокчейндер мен криптовалюталарды қоса алғанда, цифрлық активтер технологияларын қолдану меншік құқығының дәстүрлі түсінігін қайта қарауды талап ететін факторларды зерттеуге бағытталған.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-10-10

Журналдың саны

Бөлім

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫ