Компьютерлік ойындардың виртуалды әлемдерінің құқықтық аспектілері: фантастика мен шындық арасында
##semicolon##
компьютерлік ойындар, киберспорт, виртуалды шындық, құқықтық реттеу, Интернет құқығы.Аңдатпа
Мақалада компьютерлік ойындарды құқықтық реттеу мәселелері егжей-тегжейлі талданады. Зерттеуде авторлар зияткерлік қызметтің нәтижесі ретінде қарастырылуы мүмкін компьютерлік ойындардың құқықтық сипатына, авторлық құқық объектісіне (бастапқы және (немесе) қайталама), ақпараттың жаңашылдығына және т. б. назар аударады. Компьютерлік ойындарды түсіну тәсілдерінің көптігіне байланысты құқықтық тәжірибеде компьютерлік ойындарды құқықтық реттеудің даулы мәселелері туындайды. Компьютерлік ойын пайдаланушыларын анықтау, виртуалды элементпен қиындатылған даулардың юрисдикциясы, виртуалды меншік айналымының мүмкіндігін талдау, киберспорттан, компьютерлік ойындарды таратудан түскен табысқа салық салу, компьютерлік ойынға айрықша құқықтарды пайдалану, дербес деректерді құқықтық қорғау, виртуалды кеңістікке тәуелділік мәселелері және нақты құқықтық қатынастарға виртуалды шындықты қолдану перспективалары. Қорытындылай келе, авторлар қазіргі уақытта отандық заңнамаға тиісті түсініктемелер енгізу арқылы жедел әрекет етуді талап ететін виртуалды элементпен қиындатылған қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің бірқатар маңызды мәселелері көрсетілген деген қорытындыға келеді.