Әзірбайжандағы мақта шаруашылығының даму бағыттары
##semicolon##
аграрлық сала, ауыл шаруашылығы, мақта шаруашылығы, аграрлық реформалар, мақта өндіруАңдатпа
Елімізде жүзеге асырылып жатқан аграрлық реформалар өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін өте маңызды.
Шаруа қожалықтарының дамуы мақтаны алғашқы қайта өңдеу мен сақтаумен тығыз байланысты. Әлемдік
тоқыма өнеркәсібіне қажетті талшықтың шамамен 50% мақтадан алынады. 100 кг шикі мақтадан орташа
талшықтың 30-35% өндіріледі. Талшықтан әр түрлі маталарды дайындауда қолданылатын иірілген жіп, сондай-ақ
автомобиль шиналары, желі сымдары, белдіктер және т. б майлар дайындалады, алынған мақта тұқымын
аспаздықта пайдаланады, одан маргарин, глицерин, сабын, стеарин, жағармай алады, қалдықтарынан целюлоза,
спирт, лак, линолеум, картон, кинопленкалар, оқшаулау материалдарын дайындауда қолданылады. Мұның бәрін
стратегиялық маңызы бар мақтаның қалай екендігін көрсету үшін сипаттадық және бұл өнімдерді біздің елімізде
жаңғырту және өндірудің маңыздылығын тағы да атап өтеміз. Мақалада аграрлық реформалардан кейін
Әзірбайжанда мақта өсірудің дамуы, сондай-ақ осы саланы мемлекеттік қолдау талданады.