Білім беру жүйесіндегі заманауи инновациялық әдістер

Авторлар

  • Исмаилова Р.Б., Карабазар З.А., Алимжанова А.А.

##semicolon##

білім беру, педагогика, инновация, оқыту әдістері, инновациялық технологиялар, оқытуды жаңарту, оқытуды жаңғырту, геймификация, VR және AR технологиялары

Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңда педагогика ғылымының үнемі дамуына байланысты, инновациялық білім беру үрдісінің де қарқынды қолданысқа еніп жатқандығы туралы баяндалған. Авторлар білім берудің жаңа тенденцияларын оқу жүйесінде қандай әдістер арқылы пайдалануға болатындығыы жайлы мысалдар келтірген. Қазіргі уақытта еліміздің білім беру саясатында айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Бүгінде білім беруді жетілдіру–Қазақстандағы басты міндеттердің бірі. Келешек жастарды цифрлық сауаттылыққа тәрбиелеу бүгінгі таңда мектеп қабырғаларынан бастау алады, бұл заманауи тұлғаны дамытудың басты шарттарының бірі. Қазақстандағы заманауи инновациялық білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіне енуге бағытталған. Бұл мәселелерді шешу оқыту процестерінің өзгергіштігін жүзеге асырмайынша мүмкін еместігін байқауға болады. Осыған орай мақалада білім беру жүйесінің жаңаша түрлері атап көрсетілген.

##submission.downloads##

Жарияланды

2023-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ