БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
##semicolon##
инновация, g-global, педагогика, білім беру, технологияАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы инновацияны дамыту мақсатындағы инфрақұрылым дамыған елдерде инновацияның түрлерінің көбеюі, «g-global » қазіргі әлемде болып жатқан жаһандану процессі анықтамаларының мәні мен мазмұны қарастырылып, функционалдық міндеттеріне талдау жасалған. Қарқынды дамып келе жатқан бәсекелестік процестер мен ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жағдайында инновациялар ұлттық педагогиканың негізі және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылатыны жайында қарастырылған. Заманауи технологияларды енгізу және елдің зияткерлік әлеуетін барынша пайдалану арқылы білім беру процесінде инновациялық технологияларды жаңғыртуды қамтамасыз етуі көрсетіледі. Стратегияны іске асыру жалпы қазақстандық қоғамның инновациялық дамуына сәйкес, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырылуы басты мақсат етіп алынады. Қазіргі таңда технологияның дамуы, жаһандану бағыты мен бәсеке білім кеңістігіне барған сайын батыл кірігіп, оның ықпалы күшейе береді. Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық жүйесін қайта құру принципі жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.