СЕМЕЙ ЕРТІС ӨҢІРІНДЕГІ БАЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ЖОЮ ТАРИХЫНАН
##semicolon##
бай, тәркілеу, экспроприациялау, күштеп жаңашаландыру, ұжымдастыру, қазақ ауылы, Семей Ертіс өңіріАңдатпа
Семей Ертіс өңіріндегі ауыл шаруашылығын қайта құру, жалпы Қазақстан бойынша жүргізілген саясат легінде байлар мен кулактарды тап ретінде жою ұранымен өтті. Бұл мақаланың мақсаты - архивтік дереккөздер мен құжаттарды талдау негізінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ даласындағы Кеңес мемлекетінің аграрлық саясаты сипаттау, бай шаруашылықтарын тәркілеу ерекшеліктері ұжымдастыру саясатының негізгі сәттерінің бірі ретінде қарастыру. Жаппай ұжымдастыру мерзімдері экономикалық дамудың ерекшелігін, отырықшы-егіншілік және көшпелі, жартылай көшпелі (мал шаруашылығы) аудандарды басқару нысандарын ескере отырып жүргізілгені белгілі. Авторлар Қазақстанда, оның ішінде Семей өңірінде де тәркілеу жұмыстары заң бұзушылықтармен жүргізіліп, бай-кулактардың шаруашылықтарын жою мен тәркіленген мүліктерді иемдену барысында «асыра сілтеушіліктер» орын алғаның атап етеді.
Бұл дереккөздер Кеңес үкіметі саясатының, көпшілігі халық арасында құрметке ие болған, қазақ ауылдарына экономикалық-әлеуметтік ықпалы орасан зор болған қоғамның ауқатты топтарын, ең беделді адамдарын жоюға бағытталғанын көрсетеді. Бай шаруашылықтарын тәркілеу Қазақстандағы дәстүрлі шаруашылық қатынастарды жойып, қазақ қоғамы үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтырды. Байларды тәркілеу және одан әрі күштеп ұжымдастыру науқанының нәтижесінде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жүйесі, рухани құндылықтары, қазақ қоғамының этникалық-әлеуметтік тұтастығына кері әсер етті.