ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ДАМЫТУ
##semicolon##
Цифрлық экономика,бухгалтерлік есеп, программалар, информациялық қамтамасыз ету,экономиканың трансформациясы,бухгалтерлік есеп,ақпараттық қоғам, экономиканы трансформациялауАңдатпа
Жаңа ұрпақ экономикасын дамытуға, соның ішінде технологияларды әзірлеуге және енгізуге, «үлкен деректерді» сараптауға және басқарудың жаңа әдістерін енгізуге бағытталған ұлттық бағдарламаларды әзірлеу мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ жаһандандыру және әлемдік нарықтың басқа да қатысушыларының цифрлық даму бағдарламаларын іске асыру аясында егемендікті сақтау шарты ретінде де стратегиялық маңызды міндеті болып отыр. Бұған дейін Қазақстанда «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы басталды және «электрондық үкімет» қалыптасты. Бұл ақпараттық қоғамға өтуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, «ашық және мобильді үкіметтің» институттарын құруға, ақпараттық инфрақұрылымның корпоративтік құрылымдарға ғана емес, елдің азаматтарына да қол жетімділігін арттыруға ықпал етті.