Қазақстан мен АҚШ-тағы интернет-хабар таратуды реттеудің салыстырмалы құқықтық талдауы
##semicolon##
Интернет-хабар тарату, провайдер, хабар таратуды салыстырмалы реттеу, интернеттің өзін-өзі реттеуі, БАҚАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасы мен АҚШ тәжірибесі негізінде интернет арқылы хабар таратуды салыстырмалы реттеуге қатысты мәселелер көтеріледі. Жұмыста интернет-хабар таратуды реттеудегі шетелдік заңнама тәжірибесінің мысалдары келтірілген, оның ішінде ресейлік тәжірибемен қатар, Америка Құрама Штаттарының осы саладағы ең алдыңғы қатарлы тәжірибе иесі деп қарастырылған.
Интернет жүйесі құқықтық реттеуге жатпайды және бұл түсінікті - жүйенің иесі жоқ және ол технологиялық сипаттамаларына сәйкес дамиды. Мақала авторлары Интернет арқылы хабар таратуды реттеу үшін маңызды болып табылатын Интернеттің өзін-өзі реттеуінің тікелей әсері туралы қорытынды жасайды. Авторлар сонымен қатар Америка Құрама Штаттарында Интернет-хабар тарату процедурасына назар аударады, өйткені ол Америка Құрама Штаттарында ұзақ уақыт бойы қолданыуда, сондықтан да бұл кең салыстырмалы құқықтық талдауға мүмкіндік береді.