ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ ШЕТЕЛДІК ДЕРЕКТЕР

Авторлар

  • Рахметуллин А.К., Капапова А.Д.

##semicolon##

Орталық Азия, деректер, қолжазба, мұрағат, Әл-Фараби, «Диуани лұғат ат-түрік».

Аңдатпа

Әлемдегі көптеген халықтардың өткен дәуірлерден сыр шертер рухани құндылығы, мазмұнды мұрасы бұрынғы мен келешек арасын жалғастыратын шежірелі қазына – көне дәуірлерден сыр шерткен жазба ескерткіштері екенін ешкім жоққа шығара алмасы хақ. Бүгінгі жаһандық бәсекелестік әлемнің барлық халықтарының өткен дәуірлер тарихын, халқының рухани мәдениетін, тілі мен дәстүрін құрметтей біліп, ең бірінші кезекте көне дәуірлерден жеткен бабалар мұрасын жинақтап, жазба ескерткіштерін көзінің қарашығындай сақтап, келешектегі тарихи танымының тамырын  ертеден іздеуді талап етіп отыр. Яғни, әрбір жаңа дәуірдің куәсі болған айтулы оқиғалар, кезеңдер тек жазба әдебиет ескерткіштерінің беттерінде  сақталды. Демек жазбаша ескерткіштердің маңыздылығын түсініп, тарихи тұрғыдан таразылап сақтап, олардың көлемін арттыру бүгінігі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2024-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫ