Жалпы орта білім беретін мектептегі ағылшын тілі сабақтарында ертегілерді тиімді қолдану

Авторлар

  • Абдыханова Б.А., Мұрат Н.М.

##semicolon##

ертегі, фольклор, ағылшын тілін меңгеру, оқытудың тиімді әдістемесі, тілдік қабілеттер, жеке тұлғаны қалыптастыру

Аңдатпа

Оқуды меңгерудің жүйелі нәтижесі білім берудің негізгі мақсаты болып табылады. Бұл мақсат дағдыларды үздіксіз дамыту, оқытудың заманауи әдістерін енгізу, технологиялық интеграцияларды сабақ барысынды тиімді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мақалада дәстүрлі емес педагогикалық оқыту жүйесінің парадигмасын қарастырылады және оқушылардың жаңа ақпаратты жедел игеріп, оны іс жүзінде қолдануға ықпал етеді. Осы қолжазбаны құрастыру барысында фольклордың бір түрі – ертегі жанры жан-жақты қарастырылып, оқушылардың ағылшын тіліндегі қабілеттерін тиімді дамытудың әдістемелік құралы ретіндегі рөлі анықталды. Ертегі оқушылардың танымдық ой-өрісін арттырып, оқу процессін жаңа бір шытырман оқиғалы, қызықты әлемге айналдырады. Мектеп оқушыларын осы ертегі кейіпкерлерінің образына кіргізіп, соның арқасында тілді үйренуге құштарлықтарын оятады. Оған қоса, мақала жазу барсыныда жасалған эмпирикалық зерттеулердің растамасы ретінде оқытушылар арасында да, оқушылардың арасында да ертегілерді ағылшын тілі сабақтарында қолданудың тиімділігі мен маңыздылығы туралы түсініктері мен перспективаларына қатысты онлайн-сауалнама түрінде жүргізілді. Нәтижесінде, сауалнамалар ертегілердің ағылшын тілін үйренуді, әсіресе сөздік қорын кеңейту және мәдениетаралық қарым-қатынас пен түсінушілің тұрғысынан нығайтуға айтарлықтай әсері бар екенін анық көрсетті. Сонымен қатар, "Қызыл Телпек" ертегісі бойынша дидактикалық материалмен тіл үйрету кезінде ертегілер мен әдістемелік тәсілдердің практикалық жүзеге асырылуына баса назар аударылады

##submission.downloads##

Жарияланды

2024-06-10

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ