ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ТҮЙТКІЛ ЖАЙТТАРЫ
##semicolon##
цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы, инновациялық даму, ауылшаруашылық өндірушілері, цифрлы фермаларАңдатпа
Мақалада Қазақстан республикасында ауылшаруашылығы жасанды технологиялар негізінде жүзеге асырып жатқан модернизациялау саясатының сипаттамасы мен талдауы берілген. Кейбір ғылыми жобалардың нақты мысалдары мен сипатталған технологияларды тәжірибеде қолдану жағдайлары келтірілген, сондай-ақ ауылшаруашылығы саласының мәселелік бағыттары іске асырылған саясаттар мен әзірленіп жатқан жобалар : анықталған. Жаңа цифрлық технологияларды, атап айтқанда, жасанды интеллект технологияларын пайдалану негізінде ауылшаруашылығы саласы мен қызметтерді жаңғырту қазіргі заманғы басты әлемдік трендтердің бірі болып табылады. Қазақстанда ауылшаруашылығы саласының цифрлық трансформациясы негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалған және Ұлттық ауылшаруашылығы жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жасанды интеллект технологияларын енгізудің сәтті мысалдарын, сондай-ақ осы технологияны біріктіруге кедергі келтіретін немесе баяулататын проблемаларды және оларды қалай жеңуге болатынын зерделеу жасанды интеллектті дамытудың ұлттық стратегияларын әзірлеуші елдер үшін де құнды сабақ бола алады.