КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
##semicolon##
инвестиция, инвестициялық саясат, инновациялық қызмет және саясатАңдатпа
Иинвестиция - кірістерді алу үшін шаруашылық қызметке салынған активтердің барлық түрлері, экономикалық анықтамаға сәйкес тіркелген және айналым капиталын құру, кеңейту немесе қайта құру және жаңғырту құны.Инвестициялық саясаттың ерекшелігі шетелдік инвестициялардың үлесін ұлғайту, ауыл шаруашылығының негізгі салаларында инвестиция салу, негізгі құралдардың белсенді бөлігіне ұзақ мерзімді инвестициялардың үлесін ұлғайту, экономиканы жақсартудың маңызды негізі бола алады. Инновация саласында ерекшеліктері қарастыра отырып, инновациялық қызмет - жаңа өнім алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және интелектуалдық әлеуетті пайдалану жөніндегі іс-шаралар жүйесі деуге болады. Қазақстан Республикасының экономикасын жетілдірудің негізгі бағыты экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттыру болуы тиіс. Ол мемлекеттік шаралар жүйесін жетілдіру, инновациялық даму стратегиясын қалыптастыру. Осы мәселелерді зерделеу қажетті маңыздылыққа, өзектілікке ие.