ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ ДАУ ТУРАЛЫ ТАЛАПТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
##semicolon##
әкімшілік іс жүргізу, дау айту, сот ісін жүргізу, қорғау, құқықтар, бостандықтар, заңды мүдделер.Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік органдардың әкімшілік актілерін даулау құқығы сот арқылы қорғалудаға конституциялық құқықтың ажырамас және міндетті элементі ретінде қарастырылады.
Әкімшілік процесс жеке тұлғаның субъективті жария құқықтарын қорғаудың негізгі юрисдикциялық нысандарының бірі және оны тек мемлекеттік басқару тетігінің бөлігі ретінде қарастыру қате пікір. Әкімшілік органдардың іс-әрекеттерін соттық бақылау, талап қою рәсімдегі қоғамдық билікпен өзара әрекеттесу тетіктерімен қамтамасыз ету, соның ішінде дауласу мүмкіндігі мәселелері құқықтық назарға лайық деп есептейміз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты органдарының нормативтік тәжірибесіне назар аудару қажет, өйткені дәл осы орган қаралып отырған талапты қамтамасыз ету үшін әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыру ережелері мен тәртібін енгізеді.
Жалпы, әкімшілік әділет тәжірибесі әкімшілік талап қоюды құқықтық реттеудің (әкімшілік органның шешімдері мен іс-әрекеттеріне дау айту жөніндегі жария-құқықтық қатынастардан туындайтын талаптар) табысты үрдістері мен перспективаларын көрсетеді