ИВГ.1М ЗЕРТТЕУ РЕАКТОРЫНЫҢ ЖОҒАРЫ БАЙЫТЫЛҒАН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН УРАН ОТЫНЫНЫҢ УАҚЫТША САҚТАЛУЫ КЕЗІНДЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ НЕГІЗДЕУ
##semicolon##
ядролық қауіпсіздік, пайдаланылған ядролық отын, критикалылық, MCNP5, нейтрон-физикалық модельдеу, нормативтік талаптар, отынды конверсиялауАңдатпа
Бұл жұмыста ИВГ.1М зерттеу реакторының жоғары байытылған пайдаланылған уран отынын (ЖБУО) уақытша сақтау кезіндегі ядролық қауіпсіздік негізделген. Зерттеудің мақсаты — уақытша сақтау сценарийлерінде критикалылық деңгейін бағалау және сақтау жағдайларының нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеру.
MCNP5 коды негізінде Монте-Карло әдісімен жүргізілген нейтрон-физикалық есептеулер көрсеткендей, ұсынылған сақтау сызбасы критикалылықтан жеткілікті қорғанысты қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының талаптарына, сондай-ақ МАГАТЭ-нің халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Есептеу параметрлері ұсынылған, апаттық сценарийлер қарастырылған, нейтрондардың тиімді көбею коэффициентінің (keff) алынған мәндері талданған, олар қалыпты жағдайлардан ауытқу кезінде де ядролық қауіпсіздік шегінде қалады.