Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және оны жүзеге асыру құралдары

Авторлар

  • Аманбаева Асемгуль Абдулмансуровна
  • Турдиева Зухра Махмутовна
  • Молдажанов Марат Бетимбаевич

##semicolon##

сыртқы сауда, Бүкіләлемдік сауда ұйымы, сауда саясаты, кедендік тариф, еркін сауда саясаты, халықаралық сауда, импорт, экспорт.

Аңдатпа

Авторлардың ғылыми мақаласында Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті проблемалары
қарастырылған. Соңғы он жылда экспорттың құрамында күрделі өзгерістер болмады. Қазақстанның сыртқы
саудасында оң сальдо сақталып келеді.
Ұлттық нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғау саясатын реттеудің кедендік тарифтері мен
тарифтік емес тәсілдері, Қазақстандағы сауда саясатының сырткы экономикалык кызмет саласына
байланысты кажетті негізгі түсініктер мен жіктеулер келтірген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің
баскарушылык жағына ерекше назар аударылады.
Бұл кызметтің негізі сыртқы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен
құрылымының сипаттамасы болып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді.
Әлбетте экономика дамуының ең басты құралдарының бірі халықаралық сауда. Оның көмегімен
еңбектің өнімділігі жақсарады және көтеріледі, өндірістің көлемі ұлғаяды. Халықаралық сауда
мамандандыруды жетілдіретін құрал болып табылады.
Сондай-ақ, жұмыста халықаралық байланыстардың сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік
жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдалдарының кызметін үйлестіру, мемлекетаралық есеп
айырысуды қадағалау және т.б. мәселелер қарастырылған.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-25

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ