Абай - Шәкәрім идеяларының үндесуі

Авторлар

  • Ақманова Ғалия Рахметоллаевна

##semicolon##

үндесу, туындылар, жанр, шығармашылық, әдеби мұра, қара сөздер, насихат, философиялық көзқарас.

Аңдатпа

Бұл мақалада Абай мен Шәкәрімнің даналық сөздері мен ой-толғамдарының үйлесіп, үндесуі ғылыми
тұрғыдан талданып қарастырылады. Шәкәрім Құдайбердіұлының егемендігіміздің арқасында әдебиетіміздің
ақтаңгері болып қайта әдебиет алыптарының қатарына қосылуы ақынның мол мұрасын жан-жақты
зерттеп, қарастыруға, насихаттап жазуға мүмкіндік тудырды. Мақалада Шәкәрімнің Абай туралы ойын,
абайлық әлемге деген көзқарасын және жеке басына деген қан жақындық, жан жақындық ыстық сезімін
шығармалары арқылы талдай келіп, Абайдың ақын шәкірттерінің бірегейі екендігі сарапталды.
Абай түсінігінде жеке тұлға, азамат болудың шарты – нұрлы ақыл, ыстық жүрек пен қайратты
қатар ұстауда болса, Шәкәрім азаматы «арлы» адам. Тақырып мазмұн жағынан да екі ақынның
шығармалары үндесіп жататындығы зерделеніп зерттелінді.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-25

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ