Воспитание детей в культуре общения в семье и в школе .

Авторы

  • Акманова Галия Рахмтоллаенна
  • Жайргазина Hургуль Tокановна

Ключевые слова:

семья, семейное воспитание, родители, дети, воспитание ребенка, родительское воспитание, воспитательные традиции, нравственные качества, взаимоотношения в семье, семейные традиции, отношение к труду в семье, мир, дружба, дружба, сострадание, честность, уважение, отношения.

Аннотация

Мақалада балаларды отбасында және мектепте қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу мәселесі жанжақты әртүрлі әдебиеттерден қарастырылады.
Баланың бойында қарым-қатынас қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететін факторлар отбасы, мектеп, орта
(жолдастары, ауладағы, көшедегі әсерлер т.б.), көпшілік хабар құралдары (газет-журналдар) және т.б. болып
табылады. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру туралы еңбектердің нәтижесі аталған қасиеттерді
қалыптастыруда отбасының ролі ерекше екенін көрсетті. Өйткені, бала отбасы мүшелері арасындагы ең
жарасты, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болып, үлгі-өнеге алады. Отбасында баланың жауапкершілігі
мен өзгелерге достық, ар-намыс сезімдерінің оянуы ата-ана тәрбиесінің ықпалы. Ата-ана және басқа ересектер
өскелең буынға тек жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекеттерінің үлгісімен ықпал жасайды. Ата-ана ұнамсыз
жайларға тіпті уақытша болса да бой алдыруына жол бермеуі тиіс, өйткені күйкі көріністің ықпалы лезде тамыр
жайып, баланың бойына мінез болып қалыптасуы ықтимал. Ата-бабаларымыз ұрпағын ер-жігітке кедергі болатын
жалқаулық, аңқаулық, жасқаншақтық, өтірік-өсек айтып, алдап-арбау сияқты жағымсыз қасиеттерден аулақ
болуға тәрбиелеген. Сонымен қатар олар жан-тәнімен, қанымен қорғаған жерімізді, елімізді, Отанымызды,
тілімізді сақтай отырып өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулуды мақсат тұтқан.
Шындығында да тәрбиенің бастапкы әліппесін бала отбасында алады. Қазіргі кезеңде еліміздің нарықтық
қатынастарға өту жағдайында отбасының жылдар бойына қалыптасқан құндылык негіздері әлеуметтікэкономикалық тұрғыдан өзгерістерге ұшырауда. Әсіресе жаңа әлеуметтік шындықтың сұраныстарына сәйкес
отбасындағы ұрпақ тәрбиесі дағдарысты жағдайға кез болып отыр. Осыған байланысты қазіргі коғамның
әлеуметтік күрделі процесіне талдау жасау қажеттігі педагогика, психология ғылымының күн тәртібінде
тұрған басты проблемалардың бірі десек болады.
Сонымен балалардың бойында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда негізгі факторлар қоғамдық орта,
достары және т.б., көпшілік хабар құралдары (газет-журнал, теледидар, радио және т.б.) болып отыр.

Загрузки

Опубликован

27.01.2022

Выпуск

Раздел

ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ