Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім беру. үрдісінің тиімділігін арттыру
##semicolon##
жаңа технология, интербелсенді әдіс, түсінік, үйренуші, мәдениет, интернетАңдатпа
Мақалада жаңа технологиялар, соның ішінде интербелсенді әдістерге жалпылама талдау жасалынып, оның
тәжірибеде қолданылуына баға берілген. Дәстүрлі сабақ беру әдісі мен жаңа технологияны пайдалана отырып
түрлендірудің айырмашылықтары талданып, сарапталған. Сондай-ақ, интербелсенді әдістердің ерекшеліктерін ескере
отырып, тапсырмаларды орындау - оқушыларға оқытылып отырған пәннің тәжірибелік тұрғыдан қолданылу нәтижесін
көруге мүмкіндік беретіндігі айқындалып, үйренушінің пәнге деген қызығушылықтарын арттыратындығы көрсетілді.
Зерттеу жұмысының негізінде пәндерді оқытудағы интербелсенді әдістер түсінігі жан-жақты қарастырылып,
оқушыларға пәнді меңгертуде интербелсенді әдістің тиімділігі ұсынылды. Бұл зерттеу жұмысының нәтижелерін алдағы
уақытта білім беру үрдісінде пәндерді оқытуда қолдану ұсынылады.