аң мамандықтарының түлектерінің жұмысқа орналасудағы өзекті мәселелері
##semicolon##
заң мамандығы, заңгер, жұмысқа орналастыру, университет, жұмыс беруші, түлек, дағдылары, жұмыс тәжірибесі, кәсіби бағдарАңдатпа
Қазақстанда әрбір екінші жоғары оқу орны заңгерлерді дайындайды. Сонымен қатар, заңгерлердің заманауи жағдайда
талап етіле ме және заң мамандығының болашағы бар ма деген сұрақ туындайды. Заң мамандықтарының түлектерін
жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының тиімділігі
критерийлерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу білім беру
ұйымы қызметінің бәсекеге қабілеттілігі мен қажеттілігін қамтамасыз ететін аса маңызды бағыты болып табылады.
Мақалада Қазақстандағы заң мамандықтары түлектерінің жұмыспен қамтылуының қазіргі жағдайы
талданады,түлектердің жұмысқа орналасу барысында кездесетін себептері қарастырылады. Нақты университет
мысалында заң мамандықтары түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің өзекті мәселелерін шешу жолдары
көрсетілген.
Мақала авторлары заңгерлерді жұмысқа орналастыру мәселесін қазіргі заманғы қою университеттің, әлеуетті
жұмыс берушілердің және түлектердің өздерінің тиімді өзара іс-қимылы арқылы осы проблеманың мазмұны мен шешу
жолдарын жан-жақты талдауды жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты екендігін негіздейді.