Этикалық қағидалардың Қазақстан Республикасындағы азаматтық және қылмыстық сот өндірісінде іске асырылуы
##semicolon##
кәсіби этика, қағида, моральдық талаптар, адамгершілік, әділеттік, сот процесі, сот билігі.Аңдатпа
Сот қызметі көптеген адамдардың әлеуметтік және тұлғааралық жанжалдарды шешу саласындағы мүдделерін
қозғайды, сондықтан адамгершілік мәселелері әрқашан заң мамандығы жұмысшыларымен бірге жүреді. Тиісінше, заңгер
мамандығының ерекшеліктері заң этикасының болу қажеттілігін тудырады.
Сот билігінің тиімділігі сот билігінің органдары жүйесінің пәрменділігіне байланысты, соңғысы сот ісін жүргізудің
белгілі бір түрі ретінде жүзеге асырылатын сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметтің нәтижелілігімен анықталады.
Азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар әрбір нақты істе субъективтік құқықтар мен мүдделерді
қорғауға байланысты іс бойынша олардың ұстанымымен негізделген өзінің ерекше мақсаттарын көздейді. Сот билігі
органының кез келген істі қарау кезінде де өз міндеттері бар. Алайда, сот процесіне қатысушылардың барлық
мақсаттары әр түрлі бағытта болғандықтан, сот билігінің және жалпы сот билігінің органдарына мемлекеттік
биліктің бір тармағы ретінде оған жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл
аспектіде судьяға қойылған адамгершілік және моральдық талаптардың маңызы зор, өйткені осы этикалық қасиеттердің
тиімді жүзеге асырылуы сот төрелігіне деген қоғам тарапынан сенімді ұялатады