Эфир майлы өсімдіктер қасиеттерінің кейбір мәселелері

Авторлар

  • Байғапанова Рауза Жакупбековна
  • Сейтқазиева Айғаным Бағдатқызы

##semicolon##

эфир майлары, әрлендіргіштер, әлсіреткіштер, қоздырғыштар, терпеноидтар, алкалоидтар, флавоноидтар, пектинді заттар;

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғ. соңынан ХХ ғ. басына дейінгі аралықта жарияланған эфирмайлы өсімдіктер және эфир майы туралы
ғылыми әдебиеттерге шолу жасалған. Тек XIX ғасырда ғана Валлах, Вагнер, Бейер, Земмлер, Перкин, Шарабо және тағы
басқа көптеген ғалымдардың жұмыстарының арқасында эфир майларының құрамы, құрылысы мен оларды құрайтын
компоненттер қасиеттері толықтай белгілі бола бастады. Аталған ғалымдардың тамаша жұмыстарына қарамастан
қазіргі уақытта эфир майларын зерттеу, кең ауқымға ие, өйткені әліде зерттелмеген өсімдіктер мөлшері зор. Сондықтан
олардың құрамынан құрылымы әлі күнге дейін анықталмаған майлар алынады. Құрамында эфирмайы бар өсімдіктердің
үш мыңдай түрі белгілі, соның ішіндегі мың шақтысы біздің еліміздің флорасынан табылған. Әсіресе, ерінгүлділер
тұқымдасы (жалбыз, лаванда, сәлбен, шатыраш (шалфей), розмарин, пачули, насыбайгүл,) және шатырлы тұқымдас
(анис, ажгон, базилик, зере, кориандр) эфир майына бай.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ