ҚР Шығыс Қазақстан облысының АӨК өңірлік экономикасын дамытудың стратегиялық бағыты

Авторлар

  • Аманбаева Асемгуль Абдулмансуровна
  • Турдиева Зухра Махмутовна

##semicolon##

бәсекелестік, агроөнеркәсіп кешені, даму, диверсификация

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы АӨК өңірлік экономикасын дамытудың стратегиялық
бағыты қарастырылады.
Шығыс Қазақстан обылысында маңызды роль агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі, негізгі саласы
ауылшаруашылығы болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету аграрлық өндірісті индустрияландыруға
және оның агроөнеркәсіптік кешен өнімінің негізгі түрлері бойынша тиімділігін қамтамасыз етуге негізделген
тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
АӨК салаларын тұрақтандыру бойынша қабылданған бірқатар шаралар ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі
дамытуға, оның тиімділігін арттыруға және Шығыс Қазақстан облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге ықпал етті.
Азық-түлік импортының деңгейін төмендету үшін АӨК қажетті жабдықтармен және ауыл шаруашылығы
техникасымен жабдықтау сынды қажетті шаралар қабылдау қажет.
Кластерлік бастамаларды дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу көлемі
ұлғаяды, бұл тамақ өнімдерінің көптеген аналогтарының импортын ауыстыруды және ішкі азық-түлік нарығын
реттеуді қамтамасыз етеді

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ