Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің қоғамдық рөлі

Авторлар

  • Ақманова Ғалия Рахметоллаевна
  • Коккозева Кульчария Шамильевна
  • Жайргазина Hургуль Tокановна

##semicolon##

отбасы, отбасы тәрбиесі, ата-ана, балалар, тұлғалық қасиет, жеке тұлғаның қалыптасуы, баланы тәрбиелеу, ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеуі, тәлімдік дәстүрлер, адамгершілік қасиет, отбасындағы өзара қарым-қатынас, отбасылық дәстүрлер, отбасындағы еңбекке қатынас, татулық, достық, жанашырлық, адалдық, сыйластық, қарым-қатынас

Аңдатпа

Мақалада авторлар қауымы бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктерін қалыптастырудағы
отбасы тәрбиесінің қоғамдық рөлін жан-жақты әртүрлі әдебиеттерден қарастырған. Отбасы - адамзат
қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі
- дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан
жетілдіру оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет
етуі тиіс. Отбасы - ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Отбасында баланың тұлғалық
қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі
баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.
Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамыту оны өмірдің қолдана білуге еңбек етуге,
еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға, шығармашылық әрекетке
даярлыққа әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жеке бастың пайдасы мен ұжымдық
пайданың үйлесімділігін табуға іскерлікке, ізгілікке өздігінен ізденуге, өзін-өзі жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.

##submission.downloads##

Жарияланды

2022-01-27

Журналдың саны

Бөлім

ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ